Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды

Алматы әкімі қаладағы кейбір үйлерге жылу берілмеу себебін анықтауды тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов апарат жетекшісі Серік Құсайыновқа неліктен қаладағы кейбір үйлерге әлі күнге дейін жылу берілмегенін анықтауды тапсырды.

  • 24 Қазан 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Мен мұндай бассыздықты биыл бірінші рет көріп отырмын. Аудан әкімдері мен энергетика басқармасы бойынша ұсыныс әзірлейсің, өзің әзірлеп тапсырасың. Аппаратпен бірге сол үйлерге бар. Кім кінәлі: ПИК ме, әкімдер ме әлде, басқарма ма? Осы жағын анықтап, маған хабарла», — деді әкім сәрсенбі күнгі кеңесте аппарат басшысына.

«Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы былтырғыдан екі есе көп. Республикалық бюджеттен де мол қаржы бөлінді. Жылу нысандарын қысқа даярлауға бөлінген қаржы былтырғыдан 134% артық. Нәтижесі не болды?», — деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар