Алматы әкімі қаланың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі қаланың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі қаланың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бүгін, 21-қарашада Алматы әкімі Виктор Храпунов қаланың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2003
  • 418
Фото - Caravan.kz

Кездесуде аудандағы өзекті мәселелер, ауданды дамыту проблемалары мен келешегі талқыланады. Қаладағы ең ірі ауданға саналатын Бостандық ауданында 250 мыңға жуық адам тұрады. Ауданда қаладағы ең ірі құрылыс фирмалары мен корпорациялар шоғырланған. Құрылыс саласында аталмыш компаниялар игерген инвестиция көлемі 16,8 млрд. теңгені құрады.

2003-жылы Бостандық ауданында 8 тұрғын үй, сауда орталығы мен қонақ үй пайдалануға берілді.
Қазір аудандағы құрылыс жұмыстары әлі де қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта Бостандық ауданында Ұлттық олимпиада комитетінің ғимараты, жабық спорт кешені, шаңғы бекеті тәрізді нысандар салынады деп жоспарланған.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданындағы орташа жалақы мөлшері 1-қараша күнгі жағдаймен 34,8 мың теңгені құрады. Ал қалалық деңгей 31,3 мың теңгеге тең. Үстіміздегі айдың басындағы жағдаймен аудан бойынша салық түсімі күтілген деңгейдің 108,1 процентін құрап, 21,2 млрд. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар