Алматы әкімі қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады

Алматы әкімі қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов денсаулық сақтау қызметкерлерімен өткен жиналыста қаланың медициналық мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Тамыз 2008
  • 517
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің салаларыңыздағы адамшылыққа жатпайтын қатынастар адамдардың көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Қарапайым тәртіптің болмауы, бас дәрігерлердің жұмыс орындарында болмауы, лауазымын асыра пайдалану және басқа да», — деп әкім медицина қызметкерлерінің атына айтылған сын-ескертпелерді санамалап берді.

«Қымбат дәрі-дәрмектерді жоқ ауруларға белгілеу арқылы есептен шығару деректері бар. Оларды әлі де тексеретін боламыз», — деп ескертті А. Есімов. Ол сондай-ақ, қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшылығына арнайы тексеру анықтаған барлық заң бұзушылықтардың басын ашуды тапсырды. «Бір ай ішінде біз шешім қабылдайтын боламыз», — деді әкім.

«Жиналыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті органдарға, атап айтқанда, денсаулық сақтау басқармасына барлық айтылған мәселелер бойынша ҚР денсаулық сақтау министріне ұсыныстар әзірлеуге; заң бұзушылықтарға жол берген медицина мекемелерінің басшылары бойынша ұсыныстар енгізуге; денсаулық сақтау басқармасының және жалпы алғанда халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге тапсырма берді. Әкім сондай-ақ, ротацияның және медициналық мекемелерде жас басқару мамандарының өсуін, сондай-ақ, озық тәжірибенің енгізілуін атап көрсетті», — деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар