«Қала жетекшісі Алмалы ауданында қалың қардың салмағын көтере алмай құлаған ағаштарды тазалау жұмысының әлсіздігін атап өтті. Бұл жұмыс үшін аудан әкімшіліктері жауап береді, олар жеке меншік компанияларды тарту үшін ақша бөледі», делінген онда.
А.Есімов сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Ербол Шормановқа, табиғат ресурстары басқармасының бастығы Алтай Рахымбетовке, төтенше жағдай үшін жауапты қала әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашовқа сөгіс жариялады.
Алмалы ауданының әкімі болып Серік Құсайынов тағайындалды, ол Алматы әкімі аппаратының жетекшісі болған.
Қала әкімі аппаратының жаңа жетекшісі болып Болат Сауранбаев ( «Global Building Contract» ЖШС директоры ) тағайындалды.