Алматы әкімінің орынбасары шаңырағында төртем дүниеге келген жанұяны құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімінің орынбасары шаңырағында төртем дүниеге келген жанұяны құттықтады

Алматы әкімінің орынбасары шаңырағында төртем дүниеге келген жанұяны құттықтады

Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова төртем туған ананы құттықтап, әр балаға сыйлық сыйлады.

  • 12 Тамыз 2015
  • 852
Фото - Caravan.kz

Алматы перинаталдық орталығында 5 тамызда төртем дүниеге келгенін кеше хабарлаған болатынбыз.

Айта кету керек, Алматы тұрғыны Баян мен Қанаттың отбасында 3 ұл тәрбиеленіп жатыр. Енді олардың артынан тағы бір ер бала, үш қыз бала дүниеге келді.

Мамандардың айтуынша, қазір сәбилердің денсаулығы жақсы, олар бөлімшеге ауыстырылды.

Сондай-ақ, 21 шілдеде Қалалық перинаталдық орталықта биыл осымен төртінші рет үшем дүниеге келді. Үшемнің ата-анасы Толғанай мен Бауыржанның үйінде 2 жасар қызы бар.

Отбасы енді тағы үш сәбимен толығып, көпбалалы отбасы қатарына қосылды.

«Күнделікті төртем туа бермейді. 5 жыл бұрын ана мен бала институтында төртем туған. Бірақ, ол кезде жасанды ұрықтандыру жолымен болатын. Осы жолы физиологиялық жағдаймен болып отыр. Қазір балалар интенсивті палатадан шықты. Қазақтың саны ұлғайып жатқанына қуаныштымыз. Баян бірден «Алтын алқа» белгісін алады. Балалардың дені сау болсын. Қазақстанда медицинаның жетістігіне қарай, адамдардың әл ауқатының жақсарғанына қарай үшем де көбейіп келе жатыр», — деді Зәуреш Аманжолова.

Оның айтуынша, Алматы бойынша жылына 42-43 мың бала дүниеге келеді. Әр 9-шы перзент Алматыда туады. Әр 8-ші қазақстандық Алматыда емделеді.

Енді жас аналарға 2 медбикеден бөлінеді. Ал, пәтер мәселесі отбасылардың материалдық жағдайы тексеріліп барып қарастырылымақ.

«Егер, бұл отбасылар шын мұқтаж болса, Алматы қаласына есепке қойып, 7-8 ай арасында жеделдетілген түрде пәтер беріледі», — деді әкімнің орынбасары.

Төртемнің анасы балаларды 9 ай бойы көтеріп жеткізу қиын болғанын жеткізді.

«Жүктілігім қиын болды. Төрт баланы осыншама ай бойы көтеру деген оңай емес. Құдайдың құдыретімен осы күнге аман жеттік. Төртем екенін 11 аптасында білдік. Менің тұқымымда егіз бар. Ағамда егіз бала, әпкемде егіз бала бар. Жолдасым екеуміз қуандық. Үш ұлым бар: 11-де, 7-де және 5 жаста. Мен 35-ке толдым. Мен өзім КИМЭП-те магистратурада оқимын. 4-еуін ажыратып жатырмыз. Үлкені ұл 2,3 келі, одан кейін егіз қыз 2,2 келі, 1,871 келі салмақпен, ең кенжесі 1,3 келі салмақпен туды. Жер үйде тұрамыз. Өз жанұямызға квадратурамыз жететін. Енді бірден 4 бала туған соң, кішкене үлкейту керек. Сыймайтын сияқтымыз. Жолдасым Ерсейітов Қанат жеке кәсіпкерлікпен айналысады», — деді 35 жастағы Баян Абдуллина.


21 шілдеде дүние есігін ашқан үшемдер де қазір күн санап салмақ қосуда. Бүгін олар перзентханадан шықты.

«Үйде үлкен қызым — Айша бар. Одан кейін міне, Інжу, Іңкәр, Ақнұр деген үш қызым қатар дүниеге келді. Төрт құбылам түгел деп санаймын. Аллаға мың шүкір», — деді үшемнің әкесі 28 жастағы Сатыбалдиев Бауыржан.

«Ең бастысы төртемнің аман-есен туғаны үшін алаңдадық. Көп кіндікті егіз болған соң. Бірақ, медициналық команданың білікті жұмысының арқасында отадан кейін де асқынулар болмады. Аналары да, балалары да өздерін жақсы сезініп жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын Алматыда төртем туған. Бірақ ол жасанды ұрықтандырумен болған. Соңғы сегіз айда 4 үшем дүниеге келді», — деді Алматы перинаталдық орталығының директоры Эльмира Жақашева.

23

Соңғы жаңалықтар