Алматы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды

Алматы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды

Бүгін Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары - Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев басқа жұмысқа ауысуларына байланысты қызметтен кетті.

  • 16 Қазан 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыған байланысты, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарына Қырықбаев Арман Оразбайұлы және Жүнісова Әсел Абылайқызы тағайындалды.

Арман Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың жұмыстарына жетекшілік етсе, Әсел Жүнісова экономика, бюджеттік жоспаралу және қаржы мәселелерімен айналысатын болады.

Естеріңізге сала кетелік, Юрий Ильин өз қызметінде әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдайлардың алдын алу, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу жұмыстарына жетекшілік еткен болатын. 

Зәуреш Аманжолова болса ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың жұмыстарына жетекшілік етті.


Ал Мұрат Құдышев экономиканы дамыту, бюджет саясаты, қаржы, қаланың коммуналдық меншіктері, мемлекеттік сатып алу және туризм саласына басшылық етіп келді.   

Соңғы жаңалықтар