Алматы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік кеңес бірқатар нұсқауларды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік кеңес бірқатар нұсқауларды қабылдады

Алматы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік кеңес бірқатар нұсқауларды қабылдады

Алматы. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы Алматы қаласының мемлекеттік органдары мен кәсіпкерлік құрылымдардың ықпалдастығы мәселесі бойынша Кәсіпкерлік кеңестің отырысы өтті. Кеңес бірқатар нұсқауларды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қазан 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 29 қазанында қала әкімі Ахметжан Есімовтың, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдар басшыларының қатысуымен Кәсіпкерлік кеңестің отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі жағдайындағы кәсіпкерліктің дамуы, дағдарыс кезеңіндегі мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік нысандарына көмегі және шағын және орта кәсіпкерліктің 2009-2011 жылдарға арналған даму бағдарламасы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша 2008 жылдың 1 желтоқсанына Алматы қаласының барлық аудандарында кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар респбуликалық бюджеттен бөлінетін несиенің төлем пайыздарын төмендету жайында ұсыныс дайындау тапсырылды. 2008 жылдың 20 қарашасына орта және кіші кәсіпкерлік субъектілерін белгілеп, екінші деңгейдегі банктер, даму институттары және кәсіби сарапшылармен біріге отырып Алматы қаласының дамуына қарасты ұсыныстар дайындау тапсырылды.

Жер қатынастары басқармасына ОКК жер телімдерін пайдалану мақсаттарын бір ғана «кәсіпкерлік қызметке» өзгерту және жер телімдерінің кадастрлық құнын өзгерту жөнінде жұмыс жасау тапсырылды. Кәсіпкерлік кеңес мүшелеріне Алатау ауданындағы технологиялық паркті дамыту жөнінде жұмыс жасау тапсырылды.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов Елбасының орта және шағын кәсіпкерлікке көмек көрсету мақсатында даму институттары арқылы 10 млрд. теңге бөлу жайындағы шешімінің уақтылы екенін айтты. Ол кәсіпкерлердің қаржыны аз уақытта алу керектігіне және аймақтардың жағдайлары бірінші кезекте ескерілу керектігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар