Алматы әкімшілігі 2003-жылы жастар саясаты саласындағы қаржыландыру ауқымын арттырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімшілігі 2003-жылы жастар саясаты саласындағы қаржыландыру ауқымын арттырмақ

Алматы әкімшілігі 2003-жылы жастар саясаты саласындағы қаржыландыру ауқымын арттырмақ

2003-жылы Алматы әкімшілігі жастар саясаты саласындағы қаржыландыру ауқымын арттырмақ . Бұл туралы қала әкімі Виктор Храпунов бүгін, 18-маусымда ТМД елдері жастар ісі жөніндегі мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кездесуде хабарлады.

  • 18 Маусым 2003
  • 573
Фото - Caravan.kz

В.Храпуновтың айтуынша, 2001-жылғы 14 млн.-мен салыстырғанда, биыл арнайы жастар қорына 50 млн-дай теңге бөлінбек. Әкімшілік бұл қаржының көлемін жыл сайын арттыра түседі деді қала әкімі.

Кездесу барысында әкім қалалық жастар саясатын жүзеге асырудың басымдық берілген бағыттары айқындалғанын хабарлады. Бірінші кезекте бұл — жастарды әлеуметтік қорғау құрылымын қалыптастыру болмақ.
Мәселен, В.Храпуновтың айтуынша, Алматыдағы жастар қоры жұмыс істеген бір жарым жылдың аясында Алматыда 26 аулалық клуб қалпына келтірілді, ал биылғы жылы тағы да 8-ін пайдалануға беру көзделген. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында жастардың шығармашылық орталықтары құрылды. Қалалық әкімшілік ендігі жерде Жастар сарайын ашуды жоспарлап отыр.
Жергілікті әкімшілік ішімдік және есірткіге әуестенген жастарды сауықтыру және әлеуметтік бейімдеу шараларына баса назар аударатын болады деді В.Храпунов. Қалалық билік сондай-ақ, көп балалы, кедей отбасылардағы және жетім балаларды материалдық қолдау жөніндегі бағдарламаны одан әрі дамытуды межеледі. Мәселен, әкімшілік пен қалалық Жоғары Оқу орындары арасындағы келісімге сәйкес әкімшілік жастарға арнайы шәкіртақы тағайындап отыр. Қазіргі жағдаймен қалада мұндай шәкіртақы 35 балаға беріледі. Тұтастай алғанда, бүгінде Алматыдағы 17 мемлекеттік және 59 жеке меншік жоғары оқу орнында 140 мың студент оқиды.
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бос жұмыс орындарының маусымдық жәрмеңкесін ұйымдастыру мен жастардың құрылыс отрядтарын құру жандана түседі. Қазір жастардың құрылыс отрядтарының жалпы саны 35-ке жетті.

Соңғы жаңалықтар