Алматы әкімшілігі қалалық тұрғын ұй бағдарламасын іске қоспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімшілігі қалалық тұрғын ұй бағдарламасын іске қоспақ

Алматы әкімшілігі қалалық тұрғын ұй бағдарламасын іске қоспақ

Биылдан бастап Алматы әкімшілігінің ұйғарымымен қалалық тұрғын ұй бағдарламасы іске қосылмақ. Алайда мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңінен бері ипотекалық үйілеріне қол жеткізе алмай келе жатқан 600 алматылық бұл бағдарламаның іске қосылғанына қарсы. Айтуларынша, “мемлекеттік қызметкерлерге беріледі” деген аты болмаса, жаңа бағдарламаның жүйесі коммерциялық ипотекаға негізделген. Пайызы да, өтелімі де  үш есеге  қымбат.    

  • 8 Шiлде 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz

Ләззат Мерғалиқызы мемлекеттік қызметкер ретінде 2005 жылғы тұрғын үй кезегіне тіркелгендердің бірі. Бірақ неге екені белгісіз,бастапқы жарнасын құйып, банктен өтіп тұрса да, күні бүгінге дейін пәтеріне қол жеткізе алмай келді. Біріншісін айтпағанда, Ләззат 2008-2010 жылғы екінші бағдарламаға да ілікпей қалыпты.  

Ләззат Мерғалиқызы, ипотека алушы: 

— Кеше мені шақырып алып: “Сізді баллдық жүйеден алып тастадық. 2008-2010-нан да қалып қалдыңыз, енді сіз 2011-2014 өтесіз”дейді. “Осынша пайызы өсті. Көнсеңіз,үстіне барып арыз жазыңыз, көнбесеңіз,үйден бас тартты деп жазамыз” дейді.

Қазір Ләззат сынды екінші бағдарламадан ысырылып қалған 600 адамға тұрғын үй басқармасындағылар жаңа қалалық бағдарламаға кіруге ұсыныс білдіруде. Алайда оның шарттары көпшіліктің көңіліндегідей емес. Ипотекалық пайыз көрсеткіші  үш есеге жоғары.

Баян Өтебаева, ипотека алушы:

— Мемлекеттік бағдарлама болғаннан кейін мемлекеттік жалақыға байланысты болуы керек қой. Мысалы, қызым екеуіміз айлығымызды қосқан кезде 60 мыңтеңгеге
жетпейді. Сол, жүрміз,міне,ала алмай.

“Бағдарламадан қалыс қалғандардың жағдайын ескеріп отырмыз” деген басшылар жаңа қалалық бағдарламаның да тиімді тұстары көп екенін айтады. Әрине,пайызы үлкен. Сондықтан “ал” деп ешкімді қинамайды.

Тұрысбек Ізмағанбетов, Алматы қалалық тұрғын үй басқармасы бастығының бірінші орынбасары

— Жаңа қалалық бағдарлама арқылы тізімге іліксе, бұрыңғы уақыттарын ескере отырып,бірінші кезекте үй беруге тырысамыз. Екіншіден, қаржы жағына біздің араласуымызға құқымыз жоқ. Азамат қаржыны өздері табады,немесе несие алады. Оны банкпен келіседі.

Енді жаңа қалалық бағдарлама бойынша құжаттар қабылдау рәсімі тамыздың 15-сінен басталмақ. Және басшылардың сөзіне сексек, жоспарға сәйкес қала қазынасынан 4 миллиард теңге бөлініп, алдағы үш жылда 3 мың жаңа ипотекалық пәтер салынбақ. Бірақ екі бағдарламадан да шеттетіліп қалған 600 адамның бұл тізімге ілікпей қалар түрі бар. Өйткені талап коммерциялық ипотекамен пара-пар.

Соңғы жаңалықтар