«Олимпиада қозғалысының тарихында алғаш рет Алматыға үлкен сенім көрсетіліп, ол аумақтары арқылы олимпиада алауын алып жүретін Афины мен Пекиннен кейінгі үшінші қала болмақ», — деді Т. Досмұхамбетов.
Министрдің нақтылауынша, Пекин Олимпиадасы қарсаңында осы эстафетаны ұйымдастырып өткізуге әлемнің 22 елі тартылмақ.
Kazakhstan Today тілшісіне ҚР туризм және спорт министрлігінен берген түсініктемеге сәйкес, Грецияда жағылатын олимпиада алауы алдымен Пекинге, сосын Алматы мен эстафетаға қатысушы басқа да елдерге, артынан қайтадан Қытай астанасына жеткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті