"Алматы- алманың астанасы" атты жыл сайынғы екінші фестиваль 19-қыркүйекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алматы- алманың астанасы" атты жыл сайынғы екінші фестиваль 19-қыркүйекте өтеді

"Алматы- алманың астанасы" атты жыл сайынғы екінші фестиваль 19-қыркүйекте өтеді

19-қыркүйекте Алматыдағы оқушылар сарайы "Алматы- алманың астанасы" атты жыл сайынғы екінші фестиваль қонақтарын қабылдайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне БҰҰ Даму бағдарламасынан.

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 595
Фото - Caravan.kz

Бүгінде дүниежүзінде алманың 20 мыңнан астам сорты өсіріледі екен. Ал жемісті дақылдар арасында дүниежүзінде жиналатын алма көлемі бесінші орынды иемденеді.

Сонымен бірге, шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жабайы алма ағашы жоғалудың аз-ақ алдында тұр.
«Адамзат игілігі үшін жабайы алманы сақтап қалайық» деген ұран астында өтетін фестиваль жұртшылықты жалпы биологиялық түрлерді, соның ішінде Іле Алатауының бөктерлерінде өсетін жабайы алма ағаштарын сақтап қалуға үндейді. Бұлар — алма ағашының жаңа сорттарын шығаруға арналған сарқылмас генетикалық байлық болмақ.
Фестиваль бағдарламасында жабайы алма ағашын сақтап қалу мәселесімен айналысушы мамандардың баяндамалары, байқаулар мен концерт межеленген.

Соңғы жаңалықтар