Алматы аудандық соты Алтынбек Қоразбаевтың әндерін плагиат деп тапқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы аудандық соты Алтынбек Қоразбаевтың әндерін плагиат деп тапқан жоқ

Алматы аудандық соты Алтынбек Қоразбаевтың әндерін плагиат деп тапқан жоқ

Алматының Медеу аудандық соты композиторлар Марат Ілиясов пен Мұратхан Егінбаевтың Алтынбек Қоразбаев «Сарыарқа» және «Қызым саған айтам» музыкалық композицияларын жазуда пайдаланды деген «Сарыарқа сазы» және «Аңсаған ауылым» әндеріне авторлық құқықтарды қорғау туралы талаптарын негізсіз деп тапты, деп хабарлады жауапкердің адвокаты.

  • 5 Қыркүйек 2011
  • 3012
Фото - Caravan.kz

«1 қырқүйекте Медеу аудандық соты М. Ілиясов пен М. Егінбаевтың әндерге авторлық құқықтарын қорғау туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады А.Қоразбаевтың адвокаты Қолғанат Қабанбаева дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сарапшылардың қорытындысын негізге алған сот А. Қоразбаевтың туындыларында плагиат жоқ деген қорытынды жасады.

«Идеяны ұрлау плагиат бола алады. Ал бірнеше тактінің ұқсауы плагиат болмайды», — деді ол.

Қ.Қабанбаева сондай-ақ, аудандық сот 4 әннің бәрі өз алдына бөлек шығармалар болып табылады деген шешім шығарғанын айтты.

«Сот дұрыс шешім шығарды, мен өз туындыларымнан ешқашан бас тартпаймын», — деді А.Қоразбаев.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар айында композитор М.Ілиясов Астананың 10 жылдығына орай өткізілген конкурста жеңіске жеткен А.Қоразбаевтың «Сарыарқа» әні шын мәнінде оның «Сарыарқа сазы» әні болып табылатыны туралы мәлімдеме жасады. Сонымен бірге, басқа композитор М.Егінбаев А.Қоразбаев оның 30 жыл бұрын жазған «Аңсаған ауылым» әніне плагиаттық жасады деп айып тақты. М. Ілиясов пен М. Егінбаев авторлық құқықтарын қорғауды талап етіп, сотқа арыз жазған.

Перейти к новостям спорта