Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Мемлкеттік кірістер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомтсво өкілінің хабарлауынша, 2018 жылдың 25 мамырында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер бөлімінің "Жетісу" кеден қызметкері есірткі заттарының халықаралық пошта арқылы импортының алдын алған.
Тауар кедендік экспресс-жүк бақылаудан өту кезінде техникалық құрал арқылы анықталған. Тауар 18 мамырда Н есімді азаматтың атына келген.
"Тексеріс кезінде жасыл түсті, иісі ерекше өсімдік тәріздес 0,7 келі тауарды айқындадық. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл тауар есірткі яғни "гашиш" пен "марихуана" екені анықталды, — деп хабарлады ведомтсво өкілі.