Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте таңғы сағат 06:10-да Алматы әуежайының жолаушылар терминалында "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ тексеру бөлімшесінің қызметкерлері "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының "Алматы-Атырау" рейсімен ұшпақшы болған жолаушысының қалтасынан жасыл түсті белгісіз бір затты тапқан", — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, осы жағдайдың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, ҚР мемлекеттік органдарына және әуежайдың басшылығына жеткізілгені айтылады. Полиция қызметкерлері ұсталған ер адамға қатысты алғашқы тергеу жұмыстарын жүргізді. Ер адамның жүгі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша ер адамнан басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Қажетті іс-щаралар жүргізілген соң ер адам Желілік Ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Сондай-ақ, Алматы әуежайының өкілдері тексеріс жүргізетін жабдықтарды жетілдіру керектігін айтып өтті.