Алматы әуежайында Кипрдың Интерпол орталық бюросы халықаралық іздеуінде жүрген Ресей азаматы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында Кипрдың Интерпол орталық бюросы халықаралық іздеуінде жүрген Ресей азаматы құрықталды

Алматы әуежайында Кипрдың Интерпол орталық бюросы халықаралық іздеуінде жүрген Ресей азаматы құрықталды

Алматы әуежайында Кипрдың Интерпол орталық бюросы халықаралық іздеуінде жүрген Ресей азаматы Сергей Логинов құрықталды. Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары К. Темірова мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

Ол өткен аптада Алматы әуежайында мемлекеттік шекарадан өтпек болған тұсында ұсталды.

«Алматының криминалдық полиция қызметкерлері қала әуежайында Мәскеуден келіп мемлекеттік шекарадан өтпекші болған Ресей азаматы Сергей Логиновты ұстады. Оған Кипрдың Интерпол орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған болатын», — дейді К. Темірова.

ІІМ-нің ақпараты бойынша, Логинов 2008 жылдың қараша айында осы елдің аумағында бірнеше адаммен бірге Ресей азаматын ұрлап, 1 миллион АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткен.

«2008 жылдың желтоқсанында Логиновтың сыбайластары ұсталған, алайда оның өзі қашып кеткен болатын. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оны экстрадициялау мәселесі шешілуде»,-деп нақтылады К. Темірова.

Соңғы жаңалықтар