Алматы әуежайында оқу-жаттығулар өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында оқу-жаттығулар өткізіледі

Алматы әуежайында оқу-жаттығулар өткізіледі

Ертең, 12-сәуірде Алматы халықаралық әуежайында "авиация саласында оқыс оқиғалар болған жағдайдағы құтқару шараларын өткізу барысында "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, Алматы төтенше жағдайлар жөніндегі және азаматтық қорғаныс қызметтері мен басқарушы мекемелер атқаратын іс-шаралар" тақырыбы бойынша арнаулы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оны төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ұйымдастырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығулардың мақсаты — қаладағы басқарушы мекемелер мен Алматы әуежайының дайындық деңгейін тексеру, әуежайдың жауапкершілігі аясына енетін аймақта оқыс оқиғалар болған жағдайда құтқару-іздестіру секілді кезек күттірмес шараларды жүзеге асыруға апаттан құтқару қызметтерінің әзірлігін анықтау, шығын көлемін азайту және халықты осындай қауіп-қатерлерден қорғау болып табылады.

Оқу-жаттығуларға төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою жөніндегі мекемеаралық комиссия, Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметі, апатты медицина орталығы мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта