Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде

Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде

Алматы. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әуежайында қою тұманға байланысты рейстер кешіктірілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Сібір антициклонының жаппай құрсап алуы салдарынан Алматы облысында қолайсыз күн райы ахуалы қалыптасты. Осыған байланысты Алматы әуежайында рейстер кешіктірілуде. Қазір әуежайдың екі ұшу-қон жолағында да ұшу-қону қиынға түсіп отыр. Мұндай қолайсыз күн райы ахуалында әрбір ұшақ қона беруге қабілетсіз. Рейстер сол себепті кешігіп жатыр. Жұмада Сібір антициклоны сейіледі деп күтудеміз. Әуежай сонда қалыпты жұмыс істей бастайды», — деді әуежайдың баспасөз хатшысы Алена Кочнева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар