Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдар эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдар эвакуацияланды

Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдар эвакуацияланды

Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру барысында төгілген сынапқа байланысты адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrine

  • 3 Қазан 2016
  • 456
Фото - Caravan.kz

Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру барысында төгілген сынапқа байланысты адамдар эвакуацияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-Тбилиси рейсінде аджика құтысына сынап салып, өткізіп жатқан жолаушы анықталды. Сынаптың көлемі шамамен 100-150 миллиметр. Оны терминал аумағында тексеру барысында анықтады. Тексеру жұмыстары жүріп жатқанда жолаушы ол сынапты қоқысқа төгіп тастаған. Ол Қазақстанның 38 жастағы азаматы болып шықты. Ережеге сәйкес, адамдар эвакуацияланды", — деп хабарлады әуежайдың өкілдері.

Қазіргі уақытта ЖІІБ-дегілер жолаушыдан жауап алып жатыр. "Рейстер тоқтатылып жатыр. Оқиға орнына ІІМ ТЖК қызметкерлері барды", — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 


Куәгерлердің айтуынша, әуежай қызметкерлері барлық жолаушыдан жолдың арғы бетіне өтуін сұраған.


© Tengrinews.kz

 .