Алматы әуежайында түрік әуекомпаниясының ұшағы аспанға көтерілетін сәтте қозғалтқышы істен шықты; жолаушыларды ұшақтан шығарған кезде 6 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайында түрік әуекомпаниясының ұшағы аспанға көтерілетін сәтте қозғалтқышы істен шықты; жолаушыларды ұшақтан шығарған кезде 6 адам зардап шекті

Алматы әуежайында түрік әуекомпаниясының ұшағы аспанға көтерілетін сәтте қозғалтқышы істен шықты; жолаушыларды ұшақтан шығарған кезде 6 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. 9-шілде. Kazakhstan Today. Алматы әуежайында түрік әуекомпаниясының ұшағы аспанға көтерілетін сәтте қозғалтқышы істен шықты; жолаушыларды ұшақтан шығарған кезде 6 адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Шiлде 2007
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Алматы халықаралық әуежайында Антальяға бет алған «Атлас Джетта» Түрік әуекомпаниясының №ККК741 рейсті «Airbus-300″ ұшағының бірінші қозғалтқышы істен шықты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Құтқару қызметінің» хабарлауынша, экипаж командирі апатты жағдайда тежегішті басуға шешім қабылдайды, соның салдарынан шассидің өрт колодкасы өртенген.

Мекеме ақпаратына сәйкес, әуежай мен қарулы күштердің өрт сөндіру қызметінің күшімен ұшақ салонынан 213 жолаушы, соның ішінде 49 бала шығарылды. «Үрлемелі алты траппен жолаушыларды шығару барысында үрейден туған дүрбелеңнен адамдар бір-бірін басып -жаншу салдарынан 6 адам, соның ішінде 10 және 8 жастағы екі бала зардап шегіп ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті