ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, «Алматы» шекара жасағы 26 жастағы Қазақстан азаматын Ыстамбұлдан келген КС-912 әуе рейсін тексеру барысында қолға түсірді.
«Жүкті тексеру барысында контрабандалық заттар табылды. Ол жалпы салмағы 60 келіге жуықтайтын алтын әшекейлерді үш сөмкеге жасырып алып өтпек болған», — делінген хабарламада.
Жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.