Бүгін сағат 11:35-те белгісіз біреу Алматы әуежайы аумағына бомба қойылғаны туралы хабарлады, деп жазды Бақ.кз
«Дереу жолаушылар мен әуежай қызметкерлерін терминал ғимаратынан көшіру басталды. Сағат 11:49-да әуежай жұмысы қайта қалпына келтірілді, өйткені қоңырау шалған адам жалған мәлімет бергені анықталды. Қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайының барлық қызметі жұмысын жалғастырып жатыр», — делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полицейлер әуежайға бомба қойылғанын хабарлаған адамды іздестіріп жатыр. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ шығын көлемін есептеуде.