Алматы әуежайындағы компьютерлік жүйенің істен шығуы Air Astana компаниясының 38 әуе рейсінің кешігуіне себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайындағы компьютерлік жүйенің істен шығуы Air Astana компаниясының 38 әуе рейсінің кешігуіне себеп болды

Алматы әуежайындағы компьютерлік жүйенің істен шығуы Air Astana компаниясының 38 әуе рейсінің кешігуіне себеп болды

Алматы әуежайының жолаушыларды тіркейтін компьютерлік жүйесінің істен шығуы соңғы тәулікте Air Astana әуе компаниясының 38 рейсінің кешігуіне себеп болды,делінген әуе компаниясының ақпаратында.

  • 28 Маусым 2011
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Алматы халықаралық әуежайындағы жолаушыларды тіркейтін компьютерленген жүйесі 2011 жылдың 27 маусымында сағат 16:30-дан бастап, 2011 жылдың 27 маусымындағы сағат 12:00-ге дейін ішкі рейстер үшін қолжетімсіз, халықаралық рейстер үшін шектеулі болды. Компьютерленген жүйенің істен шығуы 38 рейстің орташа есеппен 2 сағатқа кешігуіне алып келді. Әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайынан бұл оқиғаға қатысты түсініктеме күтіп отыр», — делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, әуежай мен Air Astana арасындағы келісімшартқа сәйкес, терминалдағы тіркеу қосындарындағы жабдықтардың жұмысын Алматы әуежайы қамтамасыз етіп, әуе компаниясы төлейді. Air Astana компаниясының қызметкерлері ол жабдықтарды жолаушыларды SITA халықаралық коммуникациялық жүйесінің көмегімен тіркеу үшін қолданады.

SITA компаниясы ұсынған жолаушыларды тіркеу жабдықтарының және коммуникациялық жүйенің жұмысын қамтамасыз етуді Алматы әуежайы жүзеге асырады. Бұрын SITA компаниясы Алматы халықаралық әуежайындағы жабдықтар мен жүйенің жұмысын толығымен өзі қамтамасыз ететін. Ал 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы халықаралық әуежайы терминалдың тіркеу қосындарындағы компьютерлердің қызметі мен техникалық қолдауын өз бетімен қамтамасыз етеді.

«Өкінішке орай, Алматы халықаралық әуежайы 27 маусым сағат 16:30-дан бастап SITA коммуникациялық жүйесін қайта қосып, туындаған проблеманы жедел шеше алмады», — делінген ақпаратта.

Аir Astanaсарапшылары«Алматы әуежайында ғана болған проблеманы шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Әуе компаниясы осы жүйені пайдаланатын басқа әуежайларда жолаушыларды тіркеу қалыпты кестемен, іркіліссіз жүріп жатыр».

Қазіргі уақытта Алматы әуежайындағы компьютерленген тіркеу жүйесінің жұмысы толығымен қалпына келтірілді. Air Astana әуе қатынасын қалпына келтіру шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды әуе компаниясы.

AirAstana – ұлттық әуе тасымалдаушы, 2001 жылы тіркелген. Қазақстан үкіметі («Самұрық-Қазына» қоры) мен ВАЕ Systems компаниясы сәйкесінше 51% және 49% үлеспен иелік етеді. Air Astana әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, E-190 және F50 ұшақтарынан құралған.

Соңғы жаңалықтар