Алматы әуежайының терминалы 30-желтоқсанда ресми ашылады - Алматы әкімшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әуежайының терминалы 30-желтоқсанда ресми ашылады - Алматы әкімшілігі

Алматы әуежайының терминалы 30-желтоқсанда ресми ашылады - Алматы әкімшілігі

Алматы әуежайы терминалының ресми ашылуы 30-желтоқсанға межеленген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметінен бүгін, 23-желтоқсанда хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 591
Фото - Caravan.kz

Терминалдың ресми ашылу салтанатына ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Терминал ашылған алғашқы күні «Эйр Астана » әуе компаниясының Алматы-Астана бағытындағы рейсінің жолаушылары бірінші болып жаңа терминал қызметін тұтынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік комиссия терминалды қабылдап алу жөніндегі құжатқа 16-желтоқсанда қол қойды. Терминалды басқару үшін коммуналдық құрылыс кәсіпорнының жанынан Алматы әуежайының жолаушы терминалын басқару жөніндегі депаратмент құрылды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы — IKAO комиссиясы авиациялық және өрт қауіпсіздігі, ғимараттың интеллектуалдық деңгейі тәрізді үш көрсеткіш бойынша терминалға жоғарғы 7-ші категория беру мәселесін қарастыруда. 22-желтоқсанда терминалған ҚР көлік және коммуникация министрлігінің әуежай қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы тапсырылды. Қазір әуежай кең фюзеляжды ұшақтардың кез-келген түрін қабылдай алады. Олардың тұтыну мерзіміне де шектеу қойылмайды.
Алматы әуежайының жаңа терминалын салу жұмыстары әуежайдың ескі ғимаратында 1999-жылы шыққан өрттен кейін, 2000-жылы қолға алынған.
Жаңа терминал құрылысының бастапқы құны 25 млн. долларға бағаланған болатын. Алайда, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін әуежай құрылысының жобасына өзгеріс енгізілуіне байланысты оның құны 52,3 млн. долларға дейін өсті.
Атап айтсақ, терминал 4 телескоптық траппен жабдықталып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр тоғымен қамту және жүктерді өңдеу жүйелері қайтадан құрылды. Әуежайға 10 шақырымдық жаңа электр жалғастыру желісі тартылды, Талғар су таратқыш жүйесінен өрт шыққан жағдайда су алуға арналған 5,7 шақырымдық жүйе орнатылды. Әуежай аумағында 4 қабатты автокөлік тұрағы- паркинг салынды.

Соңғы жаңалықтар