Алматы ауруханаларында 400-ге жуық дәрігер жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ауруханаларында 400-ге жуық дәрігер жетіспейді

Алматы ауруханаларында 400-ге жуық дәрігер жетіспейді

Алматыда коронавирус инфекциясына байланысты дәрігерлер жетіспейді.

  • 21 Сәуiр 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінде мегаполистің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 6 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңға жуық орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 10 мың адамды медициналық ұйымдардың дәрігерлерімен қамтамасыз ету 30,7 пайыз. Бұл орташа республикалық стандарттардан төмен. Медбикелермен қамтамасыз ету — 65,8, санатпен қамту — 45%. Коронавирустың қолайсыз жағдайын ескере отырып, бізде 376 бірлікте дәрігерлер жетіспейді», — деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева Қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, қаланың медицина ұйымдарына анестезиолог, реаниматолог, эпидемиолог, педиатрлар мен жалпы тәжірибе дәрігерлері қажет.