Айта кетейік, байқау мектеп, аудандық және қалалық деп үш кезеңге бөлінеді. Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамыту және қолдау.
Байқауға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы робототехника және жаңа технологиялар зертханасының тәрбиеленушілері қатысты. Олимпиадаға қатысуға мегаполистің Алатау, Алмалы, Бостандық және Медеу сынды төрт ауданынан 10 команда іріктелді. Аудандық жарыста сегіз адам жүлделі орыннан көрініп, қалалық деңгейдегі сайысқа жолдама алды.
№144 мектеп-гимназиясында өткен ақтық сайыста 30 оқу орнынан 87 адам бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша зертханамыздың алты командасы жеңімпаздар қатарынан көрінді:
- Бейшен Шымырсұлтан және Ерзада Нәби — кіші топтағы робо-сумо санатында I орын.
- Нұртай Мұса мен Мелс Шерхан — кіші топтағы робо-сумо санатындағы III орын.
- Төлебай Едіге — кіші топтағы шағын сумо санатында II орын.
- Жөкен Диар және Абай Бағжан – шағын сумо санатында жоғары топ арасында II орын.
- Миракбаров Райымбек пен Ахмет Даурен – шағын сумо санатында аға топтар арасында III орын.
- Нұрғали Ғазиз және Ахмедьяров Жәңгір — аға топтар арасында кегельринг-квадро санатында I орын.
— Олимпиада барлық команда үшін оңайға соқпады, өйткені барлығы қорытынды кезеңге жақсы дайындалды. Аудандық кезеңнен кейін біз роботтың осал тұстарын анықтап, олқылықтарды жойдық. Соның арқасында осы санаттағы алғашқы қатысуымызда екінші орын алдық. Роботтардың көптеген дизайнын көрдік, келесі жылы іске асыруды жоспарлап отырған жаңа идеялардан шабыт алдық! – дейді олимпиада жүлдегерлерінің бірі Абай Бағжан.