Алматы «барахолкасының» ақша айналымы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы «барахолкасының» ақша айналымы белгілі болды

Алматы «барахолкасының» ақша айналымы белгілі болды

Дүниежүзілік банк Орталық Азияның ең ірі базарларында қанша қаражат айналыста жүретінін есептеді, деп жазады «Биржевой Лидер» басылымы.

  • 7 Қараша 2012
  • 307
Фото - Caravan.kz

Зерттеу мәліметтері бойынша, ең үлкен жылдық айналым Бішкектегі «Дордой» базарында екен. Ол 2 млрд. 842 млн. долларды құраған. Екінші орында Алматыдағы «барахолка» базары — оның еншісінде 1 млрд. 742 млн. доллар бар.

Жалпы Қазақстан бойынша, жылдық айналым 2 млрд. 154 млн. доллар, Қырғызстан бойынша 3 млрд. 647 млн. доллар, ал Тәжікстан бойынша — 256 млн. доллар.

«Дордой» мен алматылық «барахолка» Қазақстан мен Тәжікстан базарларының негізгі тауар жеткізушісі болып табылады. Ал бұл екі ірі базардағы тауарлар негізінен Қытайдан тасымалданады. Басылымның атап өтуінше, Қырғызстан базарларындағы барлық дерлік импорттық тауарлар қытайлық өндірістен шыққан көрінеді.

Дүниежүзілік банктің пікірінше, базарлар кедейлік деңгейін төмендетіп, қарапайым халыққа жұмыс орындарын береді. Мұндай саудамен шекара маңындағы әрбір үшінші тұрғын айналысады.

Соңғы жаңалықтар