Алматы басшылығы көлік кептелісімен жапондық әдіс арқылы күреспек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы басшылығы көлік кептелісімен жапондық әдіс арқылы күреспек

Алматы басшылығы көлік кептелісімен жапондық әдіс арқылы күреспек

Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Алматыда Жапониямен бірлескен жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Жапонияға жасаған жұмыс сапарында шешілген. Тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық және түрлі саланы дамыту бойынша уағдаласып келді.

  • 10 Сәуiр 2017
  • 330
Фото - Caravan.kz

Алматыда Жапониямен бірлескен жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Жапонияға жасаған жұмыс сапарында шешілген. Тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық және түрлі саланы дамыту бойынша уағдаласып келді.

Жапонияға жұмыс сапарымен барған Алматы әкімі біраз саланың мәселесін қаузап, күн шығыс елінің орта іскер өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.  Оның ішінде Токио қаласының мэрі Юрико Койке ханымда бар. Токио басшысы Алматыда өткен дүниежүзілік Универсиада ойындарын жоғары деңгейде бағалып, Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017  көрмесіне табыс тіледі. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және қаланы дамыту бойынша ынтымақтастық жайы сөз болды.

«Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады, оған деген сүйспеншілігім зор. Сіздің бұл сапарыңыз өзара  ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа  серпіліс береді деген ойдамын», – деді Токио қаласының мэрі Юрико Койке.

«Мен банк өкілдерімен кездестім. Бизнес жайлы сөйлестік. Алматы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бір жағымызды 1,5 млрд халқы бар Қытай елі, бір жағымызда 180 млн адам, Еуразиялық экономикалық аймақтың нарығы жатыр. Сондықтан қай салаға да тиімді шаһар», – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі «Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танакамен кездесті. Кездесуде  Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан «Tokyo Rope Almaty» метиз  зауытын салу жөніндегі жобаның екінші  кезегін жүзеге асыру мәселелері айтылды. Айта кетейік, Алматыдағы болат өнімдерін шығаратын «Tokyo Rope»  компаниясы былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан телекөпірде тұсауы кесілген болатын. Бұл Алматыда ашылған алғашқы жапондық зауыт.


«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз «Tokyo Rope Almaty» зауытын аштық. Өндіріс орны тек ғана Қазақстан емес, Орта Азия, тіпті Сауд Арабиясына да өнім жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Tokyo Seiko Mfg» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танака.

Сондай-ақ әкім «The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFG» басшылығымен жолықты. Аталған қаржы ұйымы әлемдегі үздік 10 банктің қатарында. Шаһар басшысы Алматыда біріккен жобаларды жүзеге асыруға ірі қаржы конглометрінің қолдайтындығына сенім білдірді.

Одан өзге, Алматы делегациясы жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болды. Сөйтіп, «Смарт сити» жобасы аясында Алматының даму Орталығы қала трафигін басқарудың осыған ұқсас механизмін құру үшін сараптамалық есептеулер жүргізбек. Ал, «Алматы Су» холдингі жапондық компаниямен бірге суды тазартудың коагулянтты гранул жүйесін жүзеге асыратын болды. Алматыдан аттанған делегация сауда, инвестиция, қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең танымал корпорациялардың бірі Mitsui&Co офисі мен сейсмологиялық компаниясы зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Сөйтіп, түрлі сала мен өндіріс орындарының дамуын көрген Алматы бюасшылығы қала қажеттісін бірлесіп жүзеге асыруға келісіп келді.