«Біз қаланы қаржыландырудың жаңа жүйесін ойлап таптық, президент оны қолдады. Ол келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайды деп ойлаймын. Алайда, әзірге үкімет түбегейлі шешім қабылдай алмай отыр»,- деді С.Сейдуманов. «Бұл — қала әкімі ойлап тапқан «ноу-хау»»,- деді әкімнің орынбасары. «Әзірге мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, үкіметтің шешімі де шыққан жоқ, жаңалық туралы ақпаратты әкімнің өзі жария етеді деп ойлаймын»,- деді С.Сейдуманов.
Оның айтуынша, «жаңа жүйе қаланың дамуына тың серпін береді». «Алматы қаласының барлық типті даму көрсеткіштері 15-20 проценттен асады, бірақ біз бұл көрсеткіштер бойынша жұмыс істемейміз, біз үшін ең бастысы — тауқыметтерді жылдам әрі тиімді шешу»,- деді С.Сейдуманов. «Қала қыруар қаржы табады. Егер біздің өз мұқтаждықтарымызға тым құрыса пайданың 35 процентін қалдырса, онда қала үлкен қарқынмен дамитын еді. Өзіміз тапқан пайданы өзімізге бермейтінін түсінгеннен кейін біз жаңа схеманы ойлап таптық. Ол бізге бәрібір секіріс жасауға мүмкіндік береді»,- деді С.Сейдуманов.
Қала әкімі орынбасарының Kazakhstan Today тілшісіне нақтылауынша, қазір қаланың иелігінде өз кірісінің 13 проценті ғана қалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті