Оның айтуынша, «әзірге өрттің шығуына мынадай жағдай түрткі болды деп кесіп айту қиын».
«Тергеу амалдары аяқталмайынша болған оқиғаға мынадай жағдай себеп болды деп айта алмаймыз. Оған түрткі болуы мүмкін деген жағдайлардың бәрін, соның ішінде қасақана өрт қойылды деген нұсқаны да тексереміз. (…) Өрт себептерін тексеру үшін ТЖМ, Алматы ТЖД өкілдері мен Қарағандыдағы өртті тексеру жөнінде мамандандырылған бөлімше қызметкерлері жұмылдырылды», — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, қазір өртке оранған бутиктердің саны нақтыланып жатыр. Әкімдік олардың қожайындарына қаладағы басқа базарлар мен сауда алаңдарынан орын тауып беруге дайын, деді Ю.Ильин.
«Оған қоса, біз өткен жолғыдай, банктермен зардап шеккен кәсіпкерлердің несиелерін төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Бутиктері өртеніп кеткен кәсіпкерлер ТЖД-нен анықтама ала алады», — деп атап өтті ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, «базар басшылығының электр энергиясын ұрлағаны анықталыпты».
«Өртенген базардың лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Соның ішінде электр энергиясын ұрлау фактісі де бар. Олар қосалқы станцияны айналып өтіп, 380 вольттық кабель пайдаланған. Базарды жарықпен қамтамасыз ету үшін электр қуатын ұрлағаны көрініп тұр», — деді Ю.Ильин.