Алматы: борышкерлер банкпен арадағы келісім-шартты қайта қарауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: борышкерлер банкпен арадағы келісім-шартты қайта қарауды сұрады

Алматы: борышкерлер банкпен арадағы келісім-шартты қайта қарауды сұрады

Бүгін Алматыда борышкерлер кезекті наразылық шарасын өткізді. Қалалық прокуратура алдына жиналған «Баспана халықта қалсын!» қозғалысының жүзге жуық мүшесі үш жылдан бері несиелерін өтей алмай жүргендерін айтып, құзырлы органнан банкпен арадағы келісім-шартты қайта қарауды сұрады.

  • 8 Маусым 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz

“Несиеге алсам да, өзіме тиесілі баспанамнан айырылып қалғым келмейді!”.  Бүгін осылай деп ұрандатқан алматылық жүзге жуық борышкер арыз-тілектерін айтып, қалалық прокуратураның алдына жиналды. 

Жиналғандар несиені уақтылы қайтара алмағандардың үйлерін тартып алуға көшкен банк әрекетіне Бас прокурор ғана араша бола алар деген үмітте. Өйткені екінші деңгейлі банктермен арада жасалған екінші келісім-шарт онсыз да қарызға белшеден батқан борышкерлерді тығырыққа тіреген. Оған сәйкес,банк клинеттен кез-келген уақытта несиені толық өтеуді талап етуге құқылы.  

Гүлмира Мақанова, борышкер:

— Соттың шешімімен мен 19 миллион теңгені бөліп төлеуім керек болатын. Бірақ.банк: “Егер бұл қарызды бірден төлемесең, онда бізбен қайта келісімшартқа отырасың. Бұрын 17 пайыз болса, енді 18 пайызбен айына 356 мың теңге өтеп отыратын боласың” дейді. Бұл деген сұмдық қой!

Лариса Бояр, борышкер:

— Қазір біз арызымызды өткізіп, тіркетеміз. Сосын прокурордың жауабын күтпекпіз. Одан кейінгі қадамымыз соған сәйкес болмақ. Бірақ істі жарты жолда қалдырмай, қоғамдық тыңдалымның өткізілуін талап етеміз. Өйткені бұл тұста біздің азаматтық құқымыз ескерілмей тұр.

Осылайша 120 адамның қолы қойылған шағым Бас прокуратураға жолданды. Наразы топтың арызын қабыдаған Бостандық ауданының прокуроры әр адамның өтінішін жеке-жеке қарап, мейлінше тез арада жауап беруге уәде етті.    


Ғани Сейсенбаев, Бостандық ауданының прокуроры:

— Бүгін берілген арыз-шағымдар бойынша жұмыс істейміз; әрқайсысын жеке дара қарайтын боламыз. Әрине, уақытында жауап беруге тырысамыз. Керек болса, несие алушылардың өздерімен де кездесеміз.

Дегенмен борышкерлер: “Жауап келеді дегенше алдымыз дүние-мүлкімізбен далаға қуылып қалмасақ болғаны”дейді. Бірақ,үмітсіз шайтандегендей, Бас прокурорға артып отырған үміттерінің де үлкен екенін айтады.           

     

Соңғы жаңалықтар