Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті - Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті - Есімов

Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті - Есімов

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Тұрғын үйлер, жолайрықтары мен метроның құрылысы тоқтап қалмай жалғаса беруі үшін мемлекет үлкен қадамдарға барып, бюджеттен қомақты қаржы бөлуде. Біздің қаланың бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті. Бұл ақша бірінші кезекте өндіріске жұмсалып жатқандықтан, ауқымды көмек болмақ «, — деді Ахметжан Есімов.

«Жалпыреспубликалық еңбек бөлінісі бойынша қала еліміздің жалпы аймақтың өнімінің 22%-ын қамтамасыз етеді. Алматының әрбір тұрғынының үлесіне жалпы өнімнің 15 мың долларынан тиеді, бұл республикалық орташадан 2,7 есе артық. Барлық салық түсімдерінің 30% дейінгі көлемі Алматыда жиналады. Барлық банк операцияларының 70% Алматыда жүзеге асырылады», -деді А. Есімов.

Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, Алматыда барлық көтерме сауданың 50% жуығы жүргізіледі, сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігі, барлық инвестициялардың 15% мен Қазақстанда салынып жатқан барлық баспананың 11% Алматының үлесіне тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар