"Тұрғын үйлер, жолайрықтары мен метроның құрылысы тоқтап қалмай жалғаса беруі үшін мемлекет үлкен қадамдарға барып, бюджеттен қомақты қаржы бөлуде. Біздің қаланың бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті. Бұл ақша бірінші кезекте өндіріске жұмсалып жатқандықтан, ауқымды көмек болмақ ", - деді Ахметжан Есімов.
"Жалпыреспубликалық еңбек бөлінісі бойынша қала еліміздің жалпы аймақтың өнімінің 22%-ын қамтамасыз етеді. Алматының әрбір тұрғынының үлесіне жалпы өнімнің 15 мың долларынан тиеді, бұл республикалық орташадан 2,7 есе артық. Барлық салық түсімдерінің 30% дейінгі көлемі Алматыда жиналады. Барлық банк операцияларының 70% Алматыда жүзеге асырылады", -деді А. Есімов.
Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, Алматыда барлық көтерме сауданың 50% жуығы жүргізіледі, сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігі, барлық инвестициялардың 15% мен Қазақстанда салынып жатқан барлық баспананың 11% Алматының үлесіне тиесілі.