Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апаты салдарынан 80 шақты көлік кептелді
Ақмола облысында Алматы - Екатеринбург жолының 922-ші шақырым жерінде төрт көлік апатқа ұшырап, ірі кептеліске әкеп соқтырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Соның салдарынан республикалық күре жолда жексенбі күні 70-80 көлік кептелісі орын алды. Жақсы ауданының N13 өрт бөлімшесі мен жол полициясының көмегімен қозғалысқа кедергі келтірген көліктер жол шетіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін