Алматы - Екатеринбург жолында Өзбекстанның 50-ден астам азаматы мен Қырғызстанның екі жүргізушісі құтқарылды
Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург жолының 1070 км шақырымында дизелді отынның қатып қалуы салдарынан 53 Өзбекстан азаматы мінген автобус жолда қалды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді. |
«Жол полицейлері басқа автобус әкеліп, барлық шетел азаматтарын соған отырғызды. Адамдар жақын маңдағы кемпингке жеткізілді», дейді баспасөз қызметі. Олар жүргізушілер жол полициясының алысқа жол тартқанда дизельді отын пайдаланбау туралы ескертуін елең қылмайтынын айтады.
Осы жолдан «Мерседес» автобусының Қырғызстан азаматтары болып табылатын екі жүргізушісін құтқарды.Олардың автобусының дизелді отыны қатып қалған. Ауа температурасы минус 35 градусты құраған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін