Алматы хайуанаттар бағына қар жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы хайуанаттар бағына қар жауды

Алматы хайуанаттар бағына қар жауды

Алматы хайуанаттар бағындағы тұрғындардың біріне аптап ыстықта ерекше күтім жасалуда

  • 19 Маусым
  • 6
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы хайуанаттар бағы қызметкерлері аптап ыстықта жануарларға қандай күтім жасалуда екенін көрсетті. Мәселен, Пруга есімді ақ аюға жеке бассейнмен қатар қарлы алаңқай да әзірлеген.

«Біздің ақ аюымыз Пурга болса, сергітетін салқын суда шомылып, бассейнде өзінің «қалқымасымен» ойнап, рахаттанып жүр. Сонымен қатар, оның ашық қоршауында жайлы орта қалыптастыру үшін жасанды қар шашатын арнайы құрылғы жұмыс істейді. Пурга тұратын жабық бөлімде арнайы салқындатқышпен жабдықталған үңгір бар — сондықтан ол ең ыстық күндері де аптаптан тығылатын жер таба алады»,- деп жазды зообақ әкімшілігі желідегі парақшада.