Еске сала кетейік, 31 шілдеге қараған түні 19 жастағы студент қыз Алатау ауданы "Алғабас" ықшамауданындағы көпқабатты үйдің 8-қабатынан құлап кетіп мерт болған еді. Полициядағылар қызды біреулер ұрлап әкеткені жайлы мәліметті растамай отыр.
"Қызды бір топ адамның ұрлап әкеткені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. Видеобақылау камераларындағы материалдар сарапталды. Онда қыздың жігітпен өз еркімен пәтерге кіріп бара жатқаны көрінеді. Қазіргі уақытта бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.