Алматы іс-қимылдар бағдарламасы ашық теңізге шыға алмайтын елдердің өзара ынтымақтастықты дамытуға деген зор ынта-ықыласын дәлелдейді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы іс-қимылдар бағдарламасы ашық теңізге шыға алмайтын елдердің өзара ынтымақтастықты дамытуға деген зор ынта-ықыласын дәлелдейді

Алматы іс-қимылдар бағдарламасы ашық теңізге шыға алмайтын елдердің өзара ынтымақтастықты дамытуға деген зор ынта-ықыласын дәлелдейді

Алматы іс-қимылдар бағдарламасы ашық теңізге шыға алмайтын елдердің өзара ынтымақтастықты дамытуға деген ынта-ықыласын дәлелдейді. Бұл туралы бүгін, 29-тамызда Алматыда өтіп жатқан транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған халықаралық конференцияда БҰҰ бас хатшысының орынбасары, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің халықаралық конференциясының бас хатшысы Анварул Чоудхури мәлімдеді.

  • 29 Тамыз 2003
  • 585
Фото - Caravan.kz

А.Чоудхуридің айтуынша, «Алматы іс-қимылдар бағдарламасы — конференцияның бас қорытынды құжаты болып табылады. Онда бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға негіз болатын негізгі әріптестік тетіктері қамтылған».

«Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің бірегей сұранысын қамтамасыз ету мүддесіне орай әріптестік» деп аталатын Алматы іс-қимылдар бағдарламасы 2003-жылдың қазан айында БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін отырысында қаралатын болады,- деп мәлімдеді А. Чоудхури.
Ашық теңізге шыға алмайтын елдердің конференциясына дүниежүзінің 83 елінен өкілдер қатысуда. Конференция бүгін аяқталады.