Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парашасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Меккеге жолға шыққан жандардан тағы бір видео тарады.
«Мыналардың ата-анасы жоқ па?
Дін істері басқармалары неге үнсіз?
Исламда бар «қажылыққа баруға ең қауіпсіз, ең жеңіл жолын таңда» деген сөзді мыналарға қаптаған молда—имамдар айтпайды?
«Алматы—Мекке» әуе рейсі билеті 140-160 мың теңге арасында.
Сосын, мемлекеттік тіркеу номері жоқ мотоны барлық ел шекарасы өткізе береме?
«Жомарт жандар..» деп тұрғаны—жолай қайыр сұраған біреулер ме әлде?
Не дол*аебизм екенін ұқпадым мен», деп жазды.
Оөырмандар мұндай әрекеттің дұрыс еместігін жарыса жазды: «Лайк пен комментарии— тамақ пен бензин болса көрейік», «Алды жаз мына қазақтар біреуі жаман велосипедпен, біреулері мотоциклмен не шұбыру, ыстықта өліп қалмаса жарар», «Жолда елден ақша жинап алу сияқты мақсаттары», «Ми жоқ болса, екі аяқтың соры» — атаң қазақ әу заманда айтып қойған ғой».
Видеода екі жас жігіт былай деді:
—Жомарт жандар! Алматы қаласынан Мекке қаласына жолға шығып, Кентау қаласына жеттік. Кентау бізді жақсы қонақ етіп, жолға шығарып салып жатыр. КЕлесі аялдама Қазалы ауданы болмақ. Бізді күтіңіздер!
Айта кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын қазақстанық ер адам велосипедпен артына арба жегіп әйел адаммен бірге Меккеге жол тартқан болатын.