Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген  31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді

Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді

АЛМАТЫ. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін бөлінген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді. Бұл туралы республикалық "Новое поколение" апталығында жарияланған (2006-жылдың 11-тамызы, №32 (428)) мақалада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2006
  • 635
Фото - Caravan.kz



«Алматы хайуанаттар бағына сафари-парк құру үшін берілген 31,5 гектар жер элиталық құрылыс салуға берілді деген ақпарат шындыққа айналған ұқсайды»,- делінген «Естественный отбор», яғни, «Табиғи сұрыпталу» атты мақалада.

«Бұл орайда Алматы хайуанаттар бағының аумағы өзгертілмейді»,- дейді газет тілшісі. «Алматы хайуанаттар бағының қазіргі аумағы 26 гектарды құрайды. Хайуанаттар бағындағылар бұл аумақ ешкімнің көз жауын ала қоймас деп сенеді. Ал әңгімеге өзек болып отырған 31,5 гектар жер — хайуанаттар бағына қосымша бөлінген жер. Осы жерді құрылыс салуға лайық деп тапқан бір пысықай құрылысшы Қапшағай тас жолының 26-шақырымындағы 150 гектар жерді ұсынған»,- делінген мақалада.

Осыған байланысты мақала авторы директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жаннат Ахметованың : «хайуанаттар бағының жері тұрын үй құрылысын салуға берілген деген хабарлама жартылай ғана шындыққа жанасады деуге болады», деген сөзін келтіреді. «Қазіргі хайуанаттар бағы ешқайда көшірілмейді»,- деп сендіреді мақалада хайуанаттар бағының директоры Көмек Әлменбаев.

Перейти к новостям спорта