Алматы халқының саны 2050 жылға дейін 2,5 млн адамға жетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы халқының саны 2050 жылға дейін 2,5 млн адамға жетпек

Алматы халқының саны 2050 жылға дейін 2,5 млн адамға жетпек

Алматы билігі қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізбек. Оған сәйкес 2050 жылға дейін мегаполис халқының саны 2,5 млн адамға жетпек.

  • 19 Маусым 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

Алматының бас жоспары 2002 жылдан 2020 жылға дейін бекітілген, адам саны бір жарым миллион, аумағы 35 мың гектар. Алайда 2012 жылы аумақты ерте игеріп, қала саясатына қатысты мәселелер кешенін шештік. Осыған байланысты Бас жоспарды өзгерту туралы шешім қабылданып, 2050 жылға дейін халық саны екі миллион бес жүз мың адамға арттырылмақ», — деп қалалық сәулет және қала салу басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев бүгін «Вечерний Алматы» газетіндегі «дөңгелек үстел» айдарында мәлімдеді.

Ғ.Садырбаевтың айтуынша, Алматыға 23 мың гектар жерді қосуға байланысьы мегаполис аумағы қазір 80 мың га құрайды. «Осыны ескере отырып, қаланың солтүстік бағытқа, жартылай батысқа дамуын қарастыратын Алматының бас жоспары әзірленуде. Мұнда жаңадан жеті жоспарлы аудан құрылады», — дейді ол.

Қосылған аумақта қазіргі уақытта 27 елді мекен мен 100 мыңға жуық саяжайда 97 мың адам тұрады. Осылайша, Алматы тұрғындарының саны бір миллион жеті жүз мың адамды құрайды.


Жаңа бас жоспар Алматының солтүстік бөлігінде жасыл аймақ құруды қарастырады. Бастапқыда мұнда көпқабатты құрылыс жоспарланған, алайда бұл аумақта «жеңіл» қалалар құру қаралуда.

Сонымен қатар, біз Бұрундай станциясында үшінші темір жол вокзалын салу туралы ұсыныс жасадық, дейді ол. Көлік министрлігі бұл ұсынысты қолдаған.

Бас жоспарда Алматының орталық бөлігін мұқият жоспарлау жобасы қамтылған.

Таяуда 2017 жылы Универсиада нысандарын, заманауи сауда және тұрғын кешендер құрылысы белгіленген.

Перейти к новостям спорта