Алматы халқының санын осыншама арттырудың қажеті жоқ еді - эколог
![]() |
Қазақстандағы ең үлкен қала - Алматы осынша көп халықты шоғырландыруға есептелмеген. |
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов осындай пікірде.
«Бұл бесенеден белгілі жайт. Кеңес одағы кезінде зерттеу жүргізілетін, экологиялық сыйымдылық деңгейі анықталатын. Алматы халқының саны 700 мың адамға жуық болуы тиіс еді, қазір екі миллионға жетіп қалды», - деді М.Елеусізов сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.
Оның ойынша, халық саны арта түсетін болса «су, энергия тапшылығы, ауаның ластануы сынды толған проблемаларға» душар боламыз.
«Бұған билік жауап береді, осының бәрін ойланып істеу керек еді. Енді міне, алақандай жерге құрылыс салып жатыр, ал Алматыға саябақтар көбірек қажет», - деп атап өтті эколог.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін