«Алматы» хоккей клубы Қазақстан кубогы үшін сынға түседі - клуб президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы» хоккей клубы Қазақстан кубогы үшін сынға түседі - клуб президенті

«Алматы» хоккей клубы Қазақстан кубогы үшін сынға түседі - клуб президенті

«Алматы» хоккей клубы Қазақстан чемпионатында өнер көресетін болады және республика кубогы үшін сынға түседі.

  • 3 Тамыз 2011
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында бүгін аталған клубтың президенті Асқар Шопабаев баспасөз мәслихатында айтты.

Өткен жылы қаламызда Қысқы Азия ойындары өткені белгілі, осы тұрғыда қала әкімінің қолдауымен «Алматы» хоккей клубы құрылған болатын. А.Шопабаев қаламызда спортты дамытуға көп жағдай жасалғандығын алға тарта келе, мұндай қаланың өз хоккей клубы болғаны жөн екендігін жеткізді. «Командамыздың болашағы зор, жақында клуб қатарына кәсіби жас спортшыларды тарттық. Өскемен, Қарағанды және Ресей мен Украинадан спортшыларды клубымызға шақырып, келісімшартқа отырдық. Спортшылардың барлығына Алматы мен оларға жасалған жағдай ұнап отыр. Олардың келешекте де осы жерде тұрақтап қалуына жағдайды жақсарта түсеміз деген ойдамын», -дейді клуб президенті.

Сонымен қатар ол Алматыда хоккейге деген қызығушылық мол екендігін, сондықтан түрлі жарыстар да жиі өткізіліп тұратындығын айтады. Қалада 15-ке тарта ардагерлер командасы бар болса, 10-ға жуық балалар командасы Қазақстан чемпионатына қатысып жүр.

Құрылғанына 15 жыл болған хоккейден әйелдер құрамасы биыл өткен Қысқы Азия ойындарында бірінші рет өз алаңында жеңіске жетті. Бұл алматылықтардың хоккейге деген қызығушылығын одан әрі арттырып, халықтың хоккейге ден қоя бастауына әкелген.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера