Жарияланды: 730

Алматы хореографиялық училище директорын Алматы облысының жұмыссыз тұрғыны пышақтап кеткен – дереккөз

Алматының Алмалы ауданында сейсенбі күні кешкісін ұсталған Алматы облысының жұмыссыз тұрғыны Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училище директоры Қарлығаш Мырзаханованы өлтірген негізгі күдікті ретінде өтеді, деп агенттікке құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

Оның айтуынша қалалық полиция күдіктінің ізіне 5 күн дегенде шығыпты. «Күдіктіні Алмалы ауданында, ол жалға алған пәтерінен қылмыстық полиция және арнайы жасақ СОБР жауынгерлерімен ұстады», - дейді құқық қорғау органындағылар. Сұхбатшымыздың айтуынша, 28 жасар күдікті бұрын құқық қорғау органының назарына ілікпеген, Алматыға жұмыс іздеп келген. Тұрақты мекен-жайсыз, қала базарларының бірінде тауар сатуға жалданған. Тергеушінің пікірінше, қылмысқа ол азамат жеке бастың мүддесі үшін барған. Сұрақ-жауап алу барысында күдікті Қ. Мырзаханованың үйінде кездейсоқ болғанын, әйтеуір біреулері ашар деп барлық есіктерге қоңырау шалғанын айтыпты. Құқық қорғау органдарында ҚР ҚК 96-шы бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған күдіктінің үйінен училище директорының үйінен ұрланған заттар алынғанын айтады. Сонымен қатар полицейлердің айтуынша, Қ. Мырзаханованың отбасына жақындардың айтуынша, олар үйден қандай да заттардың жоғалғанын айтуға қиналыпты. Олар сондай-ақ кірер есіктің бұзылмағанын, ал есікті ашқанда есік үй иесінің кілтімен құлыптаулы болғанын айтыпты. Еске салсақ, өткен бейсенбі күні түске таман Алматының Медеу ауданындағы Төлебаев және Қазбек би көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтерінен Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училище директоры, 55 жасар Қарлығаш Мырзаханованың пышақталған денесі табылған. Орталық қалалық аурухана дәрігерлері бірнеше сағат әйелдің өмірі үшін күрескенімен, ол сол күні 19:04 сағатта есіне келмей жан тапсырды. Қаза болғанның туыстары бұл өлімді оның қызмет бабымен байланыстырмайды. Училище директоры өз пәтерінде жалғыз өзі тұрып жатқан. Қ. Мырзаханова Кеңсай зиратына жерленді. Алматыдағы А.В. Селезнев атындағы хореографиялық училище – Қазақстанның көне оқу орны. Оның тарихы бұдан 70 жыл бұрын басталған. Училище Қазақстан ССР-нің халық әртісі, училищенің ұзақ уақыт директоры болған Александр Селезневтің атымен аталған. Қ. Мырзаханова училищені соңғы 5 жылда басқарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін