Алматы көктемгі тасқынға дайын емес - мәслихат - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы көктемгі тасқынға дайын емес - мәслихат

Алматы көктемгі тасқынға дайын емес - мәслихат

Алматы қалалық мәслихатының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының қорытындысы бойынша, қала көктемгі тасқынға дайын емес. Бұл туралы мәслихаттың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының төрағасы Амантай Бертанов бүгін, 18-ақпанда Алматы қалалық әкімшілігінде өткен төтенше жағдайлар жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

А.Бертановтың айтуынша, соңғы 10 жылда қаладағы өзендердің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілген жоқ. Өзен арналары құм-топырақ, батпақ және тұрмыстық қалдықтарға толы. Соның салдарынан олардың өткізгіштік қабілеті төмендеп, өзен жағалауындағы аумақтарды су басу қаупі жыл сайын туындайды.

Осыған байланысты А.Бертанов Алматы қалалық әкімшілігінің төтенше жағдайлардан қорғану саласындағы таяу мерзімдегі басты міндеті — өзендердің арнасын тазарту болып табылады деді.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Яков Заяц Кіші және Үлкен Алматы, Есентай өзендері аумағы арқылы өтетін Алматы аудандарының әкімдеріне өзен арналарын тазарту жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды.

Перейти к новостям спорта