Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді

Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді

Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкратова желіге жариялаған видеосымен интернетті шулатқан еді.

  • 7 Желтоқсан 2018
  • 37
Фото - Caravan.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек болашақта мұндай оқиға қайталанбайды деген үмітте, деп хабарлайды  тілшісі. 

Әкім Үлкен Алматы көлінде түсірілген видеоны әлеуметтік желілерден көргенін айтты. 

"Менің білуімше, полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жердің табиғаты сұлу екені, судың көлден алынатыны да рас. Бірақ, сіздер, су сол күйі алына салады екен деп ойламаңыздар. Тазарту құрылғылары және тағы басқалары бар дегендей. Бірақ көлде сырғанауға тыйым салынған", — деді Байбек ОКҚ-де өткен брифингте. 

Қала басшысы көлде сырғанаған қыздың кәсіби спортшы екенін бірнеше күн бұрын ғана білген. 

"Ол қыз кейін кешірім сұрады. Өз қылығының дұрыс емес екенін түсінген. Бірақ заңды білмеу оны жауапкершіліктен босатпайды", — деді әкім. 

Байбек болашақта мұндай оқиғалар қайталанбайды деген ойда. 


Еске сала кетсек, осыдан бір-екі күн бұрын мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап жүрген видеосын жариялайды. Спортшы қыздың видеосын тамашалағандар саны миллионнан асқан. Бірі қыздың биі мен көлдің табиғатына сүйсінсе, енді бірі Ксенияны жерден алып, жерге салды. Осыдан кейін спортшы қыз инстаграм парақшасын жабуға мәжбүр болған. 

Ал кеше Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкратованың фотосын жариялап, оның Қазақстан табиғатын қорғау туралы пікірін қолдайтынын жазды.

Соңғы жаңалықтар