Алматы коммуналдық қызметтері қалың қарды тазалауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы коммуналдық қызметтері қалың қарды тазалауға кірісті

Алматы коммуналдық қызметтері қалың қарды тазалауға кірісті

Алматы коммуналдық  қызметтері қалың қарды тазалауға кірісті, деп хабарлады қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы.

  • 2 Қараша 2015
  • 419
Фото - Caravan.kz

Айта кету керек, қалада кеше жауын жауып, арты қарға ұласқан еді.

Таңғы 8-ге дейін қала аумағында жауған қардың биіктігі 7-10 см-ді құрады.

Негізінен қаланың жоғарғы аумақтарында  таулы аудандарда түскен қалың қардың биіктігі 25 см-ге жетті.

Бүгін Төле би көшесінің оңтүстігіне қарай құмды-хлоридті ұнтақ төселді. Қаланың ылдидағы аймақтарында арнайы техниканы жұмылдырудың қажеттілігі жоқ.

Жалпы қаладағы қарды тазалау жұмыстарына 390 техника мен  570 адам жұмылдырылды.


Адам көп жүретін тротуарларда 65 арнайы щеткасы бар трактор жұмыс жасауда.

Айта кету керек, Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1200 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пайдаланылды.

2
3

Соңғы жаңалықтар