Жиналғандар, негізінен алғанда зейнеткер отыз шақты адам Владимир Ленин мен Қазан төңкерісі күрескерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Сосын олар Алматы билігінің рұқсатымен митинг өткізді.
Қазақстанда екі коммунистік партия бар, ҚКП қызметі сот шешіміне орай бірінші хатшының тіркелмеген «Халықтық майдан» бірлестігіне қатысқандығы үшін тоқтатылған. Ал Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы биыл қаңтар айында парламенттік сайлауда 7 пайыз деңгейден өтіп, мәжілістен 7 орынға ие болған.