Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады -ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады -ІІД

Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады -ІІД

АЛМАТЫ. 17 қараша . Kazakhstan Today. Алматы көшелерін тору үшін күзет мекемелерінің еріктілері қатысады , деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

  • 17 Қараша 2006
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Алғашқы 20 қалалық күзет фирмаларынан келген еріктілер Алматы көшелеріндегі тәртіпті сақтау үшін жаяу патрульдеуге қатысады»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері. «Мұндай жаңалық Қазақстанда алғашқы рет өткізіледі. Күзет қызметкерлері қала көшелерін үш ауысыммен торитын болады»,-деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Күзет фирмалары өкілдерін жаяу патрульдеуге қатыстыру — Алматы ІІД бастамасы. Полицейлердің пайымдауынша, еріктілер «көше қылмыстарының алдын алуға және бетін ашуға ықпал етеді» деген сенімде.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жаяу патрульдеу қалада 26 тамыздан бастап енгізілген. Мақсат — «полицейлердің қала көшелерінде және басқада қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау жұмыстарын арттыру». «Күніне 200 патрульді полиция қызметкері , ҚР ІІМ ішкі әскер жауынгерлері , шұғыл әрекет етуші арнаулы отряд қызметкерлері және басқада қызмет өкілдері 90-100 бағыт бойынша қала тыныштығын күзетеді»,-дейді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта