Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған. Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болғандығы анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, – делінген хабарламада.