Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Барлық вагондар «Зиксто» АҚ отандық өндірушісінен сатып алынды. Вагондар ауа баптағыш жүйелерімен және биоәжетханалармен жабдықталған.
Жоғарыда аталған жаңа жолаушылар вагондары биылғы қараша айынан бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша қатынайды. Айта кету керек, бұл бағытта қатынайтын вагандор әбден ескірген және жолаушылар тарапынан үнемі шағымдар болатын.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 122 бірлік жаңа вагон әкелінді, жыл соңына дейін тағы 18 бірлік жеткізіледі деп күтілуде.
Ақпарат Қазақпарат сайтынан алынды.